Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 

  • 248
  • 6
  • 0


Последние события

ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛ – ЖИЫРМА БЕС АСУ
28 Қараша 2019 Жыл • Балапанова Танагуль • 226 қарап шығу • түсіндірмелер 0

Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл – 25 жыл.

Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл – 25, ал елдегі басты саяси ұйым «Nur Otan» партиясына 20 жыл толғаны белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттің басқару сатысын жергілікті басқару жүйесін дамытуға бағыттады. Осыған байланысты 1993 жылы жергілікті билік және барлық сайлау науқандары түрлерін жүзеге асыруда негізгі рөлге ие болатын саяси институтты құру туралы заң қабылданды. 1994 жылы сайлау арқылы негізі қаланған, бүгінде тарихы ширек ғасырлық шежіреге айналған жергілікті орган – мәслихаттар құрылды. Ол халық пен билік арасын берік жалғап, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды. Ширек ғасырда Тараз қаласында халық игілігі үшін қыруар тірлік атқарылды, жарқын жобалар жүзеге асты. Мәселен, бюджет көлемі артты. Мыңдаған әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылды. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Осы істерде қалалық мәслихаттың да өзіндік қолтаңбасы бар. Жалпы, тарих еншісіне енген 25 жыл ішінде шаһар өміріне қатысты депутаттар маңызды шешімдер қабылдады. Көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасын талқылау туралы», «Тараз қаласының күнін» белгілеу», «Тараз қаласының елтаңбасын бекіту», «Жамбыл қаласы – Жамбыл облысы орталығын Тараз қаласы атына өзгерту туралы», «Қала мектептеріне атау беру», «2002 жылдың 25 қыркүйегі күні Тараз қаласының орталық алаңында Бәйдібек баба ескерткішін ашу», «Жамбыл қаласында аудандарды тарату туралы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа Тараз қаласының Тұңғыш Құрметті азаматы атағын беру туралы», «12-мөлтек ауданына «Астана» атын беру туралы», «Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовтың атынан көше ашу туралы» және тағы басқалары. Осы уақытта өздерінің ерен еңбегімен көзге түсіп, қала тұрғындарының сеніміне ие болған, түйінді түйткілдердің тарқатылуына білек сыбана кірісетін халық қалаулыларының буыны қалыптасты. Олардың арасынан С.Ақшалов, М.Күшікбаев, М.Паншаев, Ө.Байшығашев, Б.Нарбаев, А.Садықова, Ә.Садықбеков, С.Мәдиева Н.Нестерова А.Өнетаева, К.Карбузова, Г.Нұрымова, Ф.Жақыпова, Д.Қожамжарова, Ж.Жексембиев, Ж.Бөлекбаев, Қ.Бекболатов, А.Ниязбекова, Т.Исаев, К.Абдуллаев, Б.Сергеев, Р.Кан, Қ.Болысбаев, Э.Мырза-Ғали, Ж.Орынбаева және М.Cмаилов сынды депутаттардың есімін айрықша атауға болады. Қалалық мәслихаттың еншісіне алтын әріптермен жазылған 1994 жылдың 25 наурызында, Тараз қаласы мәслихат депутаттар жиналысының бірінші сессиясы өтті. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі –кандидаттыққа түрлі партиялар, қоғамдық құрылымдармен бірге жеке адамдар өзін-өзі ұсына алды. Хатшы болып Надежда Нестерова сайланды. Бірінші шақырылым 32 сессия өткізіп, 123 мәселені қарапты. Екінші шақырылымға (1999-2003 жж.) Рреспубликалық «Отан» партиясы атынан – 13, «Алаш» партиясы атынан – 1, партиялығы жоқ 11 азамат депутат болып сайланған. Екінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының хатшылығына екінші рет №14 сайлау округінен депутат Надежда Нестерова сайланды. Бұл шақырылымның депутаттары 28 сессия өткізсе, онда жалпы саны 125 мәселе қаралған. Үшінші шақырылымға (2003-2007 жж.) 2003 жылдың 20 қыркүйегінде өткізілген сайлау қорытындылары бойынша 10 сайлау аумағынан көпшілік дауыспен 10 депутат сайланды. Қалған 15 қалалық аумақта ең көп дауыс алған екі депутаттың арасында 2003 жылдың 12 қазанында қайта дауыс беру болды. Нәтижесінде 15 депутат сайланды. Ал мәслихат хатшысы болып №15 сайлау округінен депутат Өмен Байшығашев сайланды. Төртінші шақырылым (2007-2012 жж.). 25 депутаттың 24-і «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан өтсе, 1-еуі партиялығы жоқ азамат депутат болып сайланды. Олардың 14-і алғаш рет, 9-ы қатарынан екінші рет, 2 депутат қатарынан 3 рет сайланған, сайлаушылардың сеніміне ие болған азаматтар еді. Мәслихаттың хатшысы болып Өмен Байшығашев екінші рет сайланды. 2012-2016 жылдары 25 депутаттан тұратын бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихаты өз жұмысын 2012 жылдың 19 қаңтарында ұйымдастырылған бірінші сессиясында бастады. Мәслихаттың хатшысы болып №22 сайлау округінен депутат Балабек Нарбаев сайланды. Депутаттардың арасында түрлі мамандық иелері: ұстаздар, дәрігерлер, инженерлер, журналист және коммуналдық шаруашылық пен бизнес саласының өкілдері болды. Ал орташа жасы – 46 жас, ең үлкені – 64 жаста, ал ең жасы – 32 жаста еді. Мәслихат депутаттарының 13-і алғаш рет, 7-еуі екінші рет, 5-еуі үшінші рет сайланды. Депутаттық корпусқа 6 әйел азаматы кірді. Құрамы әртүрлі ұлт өкілдерінен тұрды. Барлығы «Нұр Отан» партиясының мүшелері-тұғын. 25 депутаттан құралған алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихаты өз жұмысын 2016 жылдың 24 наурызынан бастады. Бұл жолы да хатшылыққа Балабек Нарбаев сайланды. Алайда сол жылы 10 қарашада Балабек Жанбекұлы Сарысу ауданының әкімі лауазымына тағайындалуына байланысты, 2017 жылдың 29 наурызында мәслихат хатшысы болып осы жолдардың авторы – мен сайландым. Сессияның күн тәртібіндегі барлық маңызды мәселелері алдын ала қалалық мәслихаттың 4 тұрақты комиссиясының қарауына ұсынылып, жан-жақты қызу талқылаудан өтеді. Мысалы, қала объектілерін жылу беру маусымына дайындау барысын қарауда, депутаттар жылу беру мекемелерінің жұмыстарын арнайы көріп шығып, анықталған кемшіліктерді жою туралы сессияда ұсыныстар айтты. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ұйымдастыруымен «Тараз қаласындағы мағынасы ескірген және қайталанатын көшелерге қайта атау беру бойынша ұсыныс енгізу туралы», «Тараз қаласының атауы жоқ көше, ықшам аудан, шағын аудандарға атау беру бойынша ұсыныс енгізу туралы», «Тараз қаласының «Достық» алаңы «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп қайта атауға ұсыныс енгізу туралы» көпшіліктік тыңдау өткізілді. Жиын барысында қала тұрғындарының пікірлері ескеріліп, көпшіліктік тыңдаудың қорытындысымен Тараз қалалық мәслихат сессиясында тиісті ономастикалық комиссия қарауына енгізу туралы шешім қабылданып, қорытынды хаттамалар ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді. Қазіргі алтыншы шақырылымның жұмысына аз-кем тоқталар болсақ, бүгінде қалалық мәслихат білім мен тәжірибенің ұйытқысы болып отыр. Депутаттар тұрғындардың көңілдерінен шығып, зор ризашылығына бөленіп жүр десек артық айтқанымыз емес. Себебі мұнда сайланған тұлғалар экономика және әлеуметтік салалардың үздіктері мен белсенділері. Олар халық қалаулылары ретінде депутаттық қызметі үшін жалақы алмайтынына қарамастан, бар күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қолданып, қоғамдық жұмысқа белсене қатысуда. Алда тағы да үлкен жұмыстар күтіп тұр, әрине көше жолдары, тротуарлар, көше жарығы, ауызсу, көп қабатты үйлердің төбесі мен жертөлесі, жылуы тағы басқа істеуді қажет ететін көптеген жұмыстардың ортасында қалалық мәслихаттың депутаттары өз үлестерін қосуға тырысуда. Айталық, «Аса» мөлтек ауданы №27, 28 , 29, 30 көп қабатты үйлер ауласындағы жер теліміне (ойын алаңшасына арналған жерге) дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, шынықтыру залы мен монша құрылысын жүргізуді тоқтатуға тұрғындар наразы болған. Осыған байланысты депутат Жанар Орынбаеваның ықпалымен «Аса» шағын ауданы, 28 «А» мекен-жайындағы жер телімі жеке кәсіпкерден мемлекет мүддесіне кері қайтарылып алынды. Қалалық мәслихат депутаттарының ықпалымен «Самал» (7) шағын ауданы 51 көп қабатты үйдің төбесіне тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жауын-шашын жауса су басып кете беруіне байланысты проблемалық жатақханалардың бірі «Қаратау» (2) шағын ауданындағы №37 «Б» ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Талас» (6) шағын ауданы №18 апаттық жағдайдағы үйдің жертөлесінде жағымсыз иістердің, құрттардың пайда болуы және антисанитариялық жағдайға байланысты тұрғындардан өтініш түскен. Осылайша жылыту ажыратқышы, жертөле бөлмелері мен үйдің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы №5513 әскери бөлімінің саптық алаңын асфальттауға ықпал етті. Әулиеата өңірінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагерлердің құрметіне ескерткіш тақта ашылды. Қант зауыты аумағында және 8-шағын ауданда жаңа үлгідегі спорт алаңшалары салынды. Жалпы қалалық мәслихаттың күнделікті қызметінде атқарылып жатқан іс-шараларды тұтас тізіп шығу мүмкін емес. Бүгінгі күні мәслихаттар жұмысының өзіне лайықты бағасын алуы – өкілетті және атқарушы биліктің іскерлігіне, олардың нәтижелі жұмысының толымды көрсеткіштеріне тікелей байланысты екендігі де даусыз.

Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ,

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы.

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
кезекті алпысыншы сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезекті елу тоғызыншы сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезектен тыс елу сегізінші сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Құрметті тараздықтар!
Сіздерді Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезектен тыс елу жетінші сессияны шақыру туралы
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"