Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағының негізінде, алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясы қала әкімі аппаратының мәжіліс залында 2019 жылдың 20 қарашасында сағат 10.00-де болады деп, Сіздердің назарларыңызға хабарлаймын.
Кезектен тыс сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Әр түрлі.
Тұрақты комиссиялардың отырысы 2019 жылдың 20 қарашасында сағат 09.30-да өтеді.
Тараз қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Ж.Жексембиев