Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Последние события

Үнемделген қаржы әлеумет үшін
23 Қазан 2019 Жыл • Балапанова Танагуль • 106 қарап шығу • түсіндірмелер 0

Жыл соңына дейін қазына қаржысының негізгі бөлігі әлеуметтік салаларға жұмсалмақ. Бұл туралы алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясында талқыланды.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес мәслихат депутаттары «2018 жылғы 19 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың №40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қайта қарады. Аталған мәселе бойынша қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұрбол Әкек баяндама жасады. – Шешім жобасына Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабына және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде өзгерістер енгізіледі. Ағымдағы жылдың 17 қазанында 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетке нақтылау жасалып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде үнем қалыптасты. Нәтижесінде республикалық бюджеттен берілген трансферттер 248 миллион теңгеге азайтылды. Қалалық бюджеттен үнемделген қаржы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік салаларға, оның ішінде әлеуметтік нысандардың құрылысы мен әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын болады, – деді Нұрбол Әкек. Сессия барысында халық қалаулылары аталған өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан қолдап мақұлдады. Сонымен қатар жиында депутаттар ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 65-бабының 11-тармағының талаптарына сәйкес 20 095 000 теңгеге жасалынған келісімшарт жобасына келісім берді. Келісімшарт мазмұнына сәйкес Тараз қаласы Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқапқа мектеп құрылысын жүргізу үшін «Нұрбаев» шаруа қожалығындағы 3 меншік иесімен келісім сөздер жасалынған. Күн тәртібі бойынша депутат Серікбол Берікқожаның жаңа лауазымды қызметке тағайындалуына байланысты депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев Серікбол Қайратұлына үш жылдан аса атқарған депутаттық қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа жұмысына табыс тіледі. Сессия соңы соңғы уақытта қоғам назарын аударған той тақырыбын талқылауға ұласты. Биыл қыркүйек айында ұйымдастырылған «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумында қозғалып, сыналған той мәдениетіндегі кейбір дәстүрлердің өрескел бұзылуы, жастардың тойдағы ерсі қылықтары, жерлеу рәсімі кезіндегі ысырапшылдық жайы халық қалаулылары мен жиынға арнайы шақырылған қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына түсті. Мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев «Egemen Qazaqstan» газетіне жариялаған «Той мәдениеті жоғары болуы керек» мақаласын басшылыққа ала отырып, той өткізуге байланысты тың бастамалар мен түрлі ұсыныстарды тауып қана қоймай, оған жол ашар қадамдарды қолға алу қажет екенін алға тартты. Депутат Жанар Орынбаева және қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Қаржаубай Бекболатұлы тақырыпқа байланысты баяндама жасады. Өз кезегінде аталған жайтқа алаңдаушылық білдірген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жарыссөзге шығып, жерлеу рәсімінде ас та төк дастарқанның жиі жайылатынын айтып, қынжылыс білдірді. Ал депутат Эльмира Мырза-Ғали той мәселесіне келгенде әркім өзінен бастау керек екенін, мәселені тек бір жақты қарап қана қоймай, мемлекетке салық төлеп отырған кәсіпкерлер жайын да ескеріп, той уақыты мен ондағы жөнсіз жоралғыларды реттеу үшін «той индустриясының» төңірегінде жүрген азаматтарды шақырып, арнайы нормалар қабылдау керектігін баса айтты. Нәтижесінде депутаттар бұл жайтты жан-жақты зерделеп, жалпы шаһарға ортақ тәртіп пен нақты ұсыныстарды қабылдау үшін аталған саланың мамандарымен бірлесіп оңтайлы шешімге келу керек деген ойға тоқтады.

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезектен тыс елу үшінші сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезектен тыс елу екінші сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Қала тұрғындарының назарына!
Көпшілік тыңдау туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезектен тыс елу бірінші сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Білімді ұрпақтың болашағы баянды
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"