Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Последние события

Депутаттар республикалық ағаш отырғызу акциясына қатысты
14 Қазан 2019 Жыл • Балапанова Танагуль • 151 қарап шығу • түсіндірмелер 0

Экологиялық науқан шаһардың Ниетқалиев көшесінде, «Жеңіс» саябағында, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған скверде және әуежай маңында өтіп, 4000-ға жуық қара ағаш, 200-ге жуық қарағай түптері отырғызылды.

Тал егуге қажетті құралдарды, ағаш көшеттері мен тыңайтқыштарды «Жасыл ел-Тараз» ЖШС мекемесі ұсынды. Бір мезгілде бір миллион түп ағаш отырғызуды мақсат тұтқан жалпыреспубликалық экологиялық акция аясында сенбілік қоса ұйымдастырылып, қала аумағы қоқыстан тазартылды. Жаппай ағаш отырғызу шарасына қала мен облыс басшылары, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен бірігіп, Ниетқалиев көшесінің бойындағы скверде тал ексе, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев өңір басшысының орынбасары Нұржан Календеровпен бірге әуежай маңында ұйымдасқан түрде ағаш көшеттерін отырғызды. – Мақсатымыз – өзіміз өмір сүріп жатқан көне шаһар Таразды көгалдандырып, көркейту. Әулиеата өңірі – ағаш өсіруге өте қолайлы аймақ. Айналамызды жасыл желекке бөлеп, қоршаған ортамыздың көгалдандыруға бәріміз атсалысуымыз керек. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде дені сау ұрпақ, баянды болашақ қалыптасады, – дейді шаһар басшысы Қайрат Әскербекұлы. Ал қалалық мәслихат депутаттары мен өзге де халық қалаулылары Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында екі қолға бір күрек алып, науқанға атсалысты. Аталған саябақтағы ашық алаңда 10 қатар жас шыбықтар жерге қадалды. Бүгінгі жас ағаштар қалың орман болып, тараздықтардың көз қуанышына айналмақ. Жүз жылдығын ойлап, тал егуді мақсат тұтқан тараздықтар осылайша республикалық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке үн қосып, шаһардың жасыл желегін көбейтуге атсалысты. Облыс бойынша барлығы 18466 адам 18880 көшет отырғызды. Оның ішінде қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елді мекенді қамтыды. Акцияға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық бөлімдер мен облыс әкімдігіне қарасты басқарма мамандары қатысты. Науқан жас дарақтардың топыраққа өніп, тамыр алып кетуіне өте ыңғайлы мезгілде ұйымдастырылды. Сонымен қатар Таразда 8500 адам қатысқан ауқымды сенбілік те қатар ұйымдастырылды. 19 бірлік техниканың көмегімен шаһар сыртына 162 тонна қалдықтар мен қоқыстар шығарылды. Ескеретін жайт, бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде #Birge, #JasylQazaqstan ағаш отырғызу бойынша ауқымды акциясы жалғасын табатынын жариялаған болатын. Бүкіл ел бойынша кемінде бір миллион ағаш отырғызу жоспарланған. Дәл осы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сенбілікке қатысып, Астанадағы ботаникалық саябақта ағаш отырғызды.

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезекті елу төртінші сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезектен тыс елу үшінші сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛ – ЖИЫРМА БЕС АСУ
Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл – 25 жыл.
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына
Кезектен тыс елу екінші сессияны шақыру туралы
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Қала тұрғындарының назарына!
Көпшілік тыңдау туралы
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"