Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Мәслихат хатшысынның өмірбаяны

Құлекеев Батырбек Әбдірәсілұлы 1953 жылы туылған, білімі жоғары, 1979 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы, 2006 жылы Гуманитарлық-техникалық институтын «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1971 жылы Талас ауданының «Бостандық» совхозында жұмысшы болып бастаған.
1973-1974 жылдар аралығында «Суперфосфорстрой» трестінде тас қалаушы;
1974-1980 жылдар аралығында «Қаратау» өндірістік бірлестігінде бекітуші, бұрғылаушы, жарғыш, учаскенің бастығы;
1980-1985 жылдары Жаңатас кен басқармасының тау-кен учаскесінің жарғыш, тау шебері, учаскенің бастығы;
1985-1989 жылдары Жамбыл қаласының ұсақтау-сорттау фабрикасының бастығы;
1989-1995 жылдары Жамбылгипс комбинатының бас инженері, директоры;
1995-1999 жылдар аралығында Гипс және құрылыс бөлшектері мен конструкциялары бірлескен комбинатының бас директоры;
1999-2016 жылдары Талас, Байзақ және Жуалы аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.
«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының әртүрлі дәрежедегі 10 медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы «Құрметті құрылысшысы», «Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қайраткері» атақтары бар.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"