Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



«Тараз қ.б/ша әлеум.көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қ.мәслихатының 28.11.2017ж. №25-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы (16.01.2019ж)

 ЖОБА

 
                  Алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
Тараз қаласы                                                №______                  «___»_________2019 жылғы
 
«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік   көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін  белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
          1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3626 болып тіркелген электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
11-тараудың 2 тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бала кезінен мүгедек балаларға білім алу кезеңінде».
11-тараудың 3 тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«оқу орындарынан анықтама», «қамқоршы және қорғаншы   тағайындау туралы қаулының көшірмесі».
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Тараз қалалық мәслихат                                                         Тараз қалалық
 сессиясының төрағасы                                                    мәслихаттың хатшысы
 _____________________                                                    _____________________ 
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"