Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



«Тараз қ. бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеу ж/е мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қ. мәслихатының 28.11.2017ж. №25-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы (17.09.18ж)

             ЖОБА

Тараз қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
 
Тараз қаласы                                        №                        «__»_________2018 жыл
 
«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы
№25-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы
 
          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
          1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3626 болып тіркелген, электрондық түрдеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тарау мынадай мазмұндағы 8-1) тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Бір реттік әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда деп танылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, босатылған күннен бастап 3 (ай) ішінде тоқсан алдындағы тоқсандық кірісі 3 (үш) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспаған жағдайда, 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейінде көрсетіледі».
2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
         Тараз қалалық мәслихаты                               Тараз қалалық
 сессиясының төрағасы                               мәслихатының хатшысы
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"