Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату

 ЖОБА

 
Алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
 
Тараз қаласы                      №____________ 20__ жыл
 
 
 
 
Пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығымақсатындағы
жерлерге бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін арттыру туралы
 
 
          «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 704 бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6 бабының                                   1 тармағы 13 тармақшасына  сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге арттырылсын.
          2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық, көркейту, қоршаған ортаны сақтау және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 
          3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
        Тараз қалалық мәслихаты                        Тараз қалалық
 сессиясының төрағасы             мәслихаты хатшысының м.а.
      _____________ С.Берікқожа          ___________Ж.Жексембиев
 
 
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"