Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Жер салығының мөлшерлемелері туралы

 ЖОБА

 
 
Алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
 
Тараз қаласы                         №____________ 20__ жыл
 
Жер салығының
мөлшерлемелері туралы
 
 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің510-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелері                   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»           (Салық кодексі)Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)505-бабымен белгіленген:
1)тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне№1 аймақта 50 пайызға,№2 аймақта 30 пайызға, №3 аймақта15 пайызға, №4 аймақта 10 пайызға жоғарылатылсын;
2)№1, №2, №3, №4 және №5 аймақтарда тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге40 пайызға жоғарылатылсын;
          3) Тараз қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге Кодекстің 505-бабында келтiрiлген кестенiң 3бағанында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге ұлғайтылсын және барлық автотұрақтар (паркингтер) үшiн біркелкі санат белгіленсін.
          2.Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 
        Тараз қалалық мәслихаты                                   Тараз қалалық
 сессиясының төрағасы                          мәслихаты хатшысының м.а.
      _____________ С.Берікқожа                           ___________Ж.Жексембиев
                                                                               
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"