Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2-4 шешіміне өзгері

 ЖОБА

Алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
Тараз қаласы                                  №_____            ____ 2017 жыл
 
«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» Тараз қалалық мәслихатының
2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2-4 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
 
         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
         1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі №2-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3054 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырдағы №19 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
         көрсетілген, шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларындағы 10-тармағындағы:
«5,8 айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «бір күнкөріс деңгейі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
         3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Тараз қалалық мәслихаты сессиясыныңтөрағасы              ________________
Тараз қалалық
мәслихаты хатшысы
_________________
 
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"