Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



2017 жылға арналған Тараз қалалық мәслихаты аппаратының құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен құқық бұзушылықтың алдын алу әрекеттері бойынша ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 2017 жылға арналған Тараз қалалық мәслихаты аппаратының құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен құқық бұзушылықтың алдын алу әрекеттері бойынша

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
 
р/с
Іс-шаралар атауы
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушы
1.
Қалалық мәслихатының интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Жыл бойына орындап отыру
Т.Балапанова, Н.Ахметова
2.
Сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны үшін және жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз ету
Тұрақты
Б.Серік,
Т.Балапанова, Н.Ахметова, А.Рахымбердиева
3.
Қалалық мәслихат аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын оқытуды жүзеге асыру
Тоқсан сайын
Б.Серік,
Т.Балапанова, Н.Ахметова, А.Рахымбердиева
4.
«Сенiм телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшiктерiнiң оңтайлы жұмыс iстеуін қамтамасыз ету
Жыл бойына орындап отыру
Т.Балапанова, А.Рахымбердиева
5.
Мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнамалар бойынша құқықтық оқуына аса назар бөліп, оларға сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық жасап, нәтижесінде қатаң жазаға тартылғандардың тағдырын көрсете отырып тиісті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
Үнемі
Н.Ахметова
 
6.
Қалалық мәслихат аппаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралыжәне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларының іске асырылуы туралы БАҚ-та мақалалар жариялау
Тұрақты
Б.Серік,
Т.Балапанова, Н.Ахметова, А.Рахымбердиева
7.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар туралы, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг жүргізу
Қажет болған жағдайда
Ж.Дәуренбекова
8.
Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алдыру
Мемлекеттік қызметке орналасуына байланысты
Н.Ахметова
9.
Мемлекеттік қызмет өтілін анықтау, конкурстық комиссия құрамын және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағын бекітуді ұйымдастыру
Қажет болған жағдайда
Н.Ахметова
10.
Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркеу
Мемлекеттік қызметке кіру кезінде
 
Н.Ахметова
11.
Мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) жұмысқа қабылдау туралы актісі шыққанға дейін азамат персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманы ұсынуды талап ету
Мемлекеттік қызметке орналасуына байланысты
Н.Ахметова
12.
Азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну    
31 наурызға
дейін
Б.Серік,
Т.Балапанова, Н.Ахметова, А.Рахымбердиева
13.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарын қарау кезінде және қызметтік міндеттерін орындау барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын орындау
Жыл бойына орындап отыру
Б.Серік,
Т.Балапанова, Н.Ахметова, А.Рахымбердиева
14.
Қалалық  мәслихаттың және оның аппаратының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің дайындау және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген нормаларды сақтау
Жыл бойына орындап отыру
Б.Серік,
Т.Балапанова, Н.Ахметова, А.Рахымбердиева
 
 
Тараз қалалық мәслихаты
аппаратының басшысы                                                                                           Б.Серік
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"