Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Тараз қалалық мәслихаты аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру 22.12.2016

 Тараз қалалық мәслихаты аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 
Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
 
Е-4 санаты үшін:жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
 Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақыcы
 
Санаты
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
1
Е-4
77451
104935
 
Жамбыл облысы, Тараз қалалық мәслихаты аппараты (080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі 3, 3-қабат, 309 кабинет, анықтама үшін телефондар/факс:  8(7262) 43-12-56, 45-28-61, электрондық пошта:taraz_maslihat@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
 
1. Тараз қалалық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімшесінің бас маманы (санаты Е-4, 1-бірлік, №3-2) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 02.06.2019 жылға дейін)
Функционалдық міндеттері:
    Мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуді ұйымдастыру;
    Мәслихаттың тұрақты комиссияларымен жұмыс жүргізу;
    Азаматтардың арыздарын және өтініштерін қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың орындалуын қадағалайды.       
         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.
Мамандығы: Құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін E-4 санаты бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Тараз қалалық мәслихатының аппаратына тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
          Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күніненкешіктірмей береді.
Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге  жіберілген  үміткерлер, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс  күні  ішіндеЖамбыл облысы Тараз қаласы Сүлейменов көшесі 3 (3-қабат) мекен-жайда орналасқан Тараз қалалық мәслихатының аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"