Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Тараз қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жарияланатын ішкі конкурс туралы хабарландыру 8.04.2016

  

Тараз қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жарияланатын ішкі конкурс туралы хабарландыру.
 
 
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
 
Е-2 санаты үшін жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) Жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
 
 
Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшінің  лауазымдық  жалақыcы
 
Санаты
Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
1
Е-2
134 917
182 388
 
Жамбыл облысы, Тараз қалалық мәслихаты аппараты (080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі 3, 3-қабат, 309 кабинет, анықтама үшін телефондар:  8(7262) 43-12-56, 45-28-61 (тел/факс), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:taraz_maslihat@mail.ru
 
 
1. Тараз қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (санаты Е-2, 1-бірлік, №1)
Функционалдық міндеттері:
Мәслихат аппаратының заң қызметін ұйымдастыру;
Мәслихат аппараты қызметіне жалпы бақылау жасау;
Мәслихат аппаратының жұмысын үйлестіру;
Мәслихат аппаратының жұмысына жалпы басшылық жасау, қалалық әкімдіктің бөлімдерімен, басқада мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ұйымдастырылған байланыста болу. Қазақстан Республикасының Заңнамаларының, қалалық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
Қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген мәселелерді әзірлеуді ұйымдастыру және қалалық мәслихат шешімдерінің, мәслихат хатшысы өкімдерінің орындалу барысын бақылау;
Депутаттардың өз өкілеттілігін жүзеге асыруда құқықтық, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен байланысуға ықпал ету, оларды ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
Қалалық  мәслихат аппаратының заң қызметінің қызметіне басшылық жасау;
Қалалық  мәслихаттың және оның аппаратының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің дайындау және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген нормаларды сақтауды бақылау;
Қалалық мәслихаттың жалпыға міндетті маңызыбар шешімдерін әділет органдарында тіркеу және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмыстарды бақылау;
 
 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.
Мамандығы: Құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
 
 
 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Тараз қалалық мәслихатының аппаратына тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Сүлейменов көшесі 3 (3-қабат) мекен-жайда орналасқан Тараз қаласы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
 
 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"