Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



«Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл –үлкен уақыт кеңістігі»

 

Қазақстан мәслихаттарына -20 жыл. Бұл үлкен уақыт кеңістігі. Осы уақыт кеңістігінде Қазақстан мәслихаттарының егемен еліміздің тәуелсіздігі мен елдігін, бірлігін нығайту үшін, экономикасын дамытуда, ҚАЗАҚ ЕЛІ деген қайсар да елдің бүгіні мен болашағын айқындау мақсатында және де әлемдік кеңістікте өз орнын табуда өзіндік ықпалы болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елі¬міздің болашақ жолын нақтылайтын, өрке¬ниет¬ке ұмтылған ұзақ мерзімді мақ¬саттар мен міндеттерді а鬬қындап отыратын Жолдауын¬¬¬¬ халыққа әрдайым арнап келеді. Нәтижесінде Қазақстан дамудың өзіндік үлгісін қалыптастыра оты¬рып, беделі биік, қуатты мемлекет ретінде әлемге танылған елге айналды.
Қазақстан мәслихаттары депутаттарының алдында тұрған негізгі мақсат – Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат , бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы және «Интелектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасында қарастырылған барлық бағыттарды іске асыру- яғни, ХХІ ғасырдағы ырғақты дамушы және жауапты мемлекет ретіндегі Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа шыңдарына көтерілуі, мызғымас бірлік, тынымсыз еңбекпен, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілікпен табысқа жететін интелектуалды қоғамды қалыптастыруды өздерінің негізгі ұстанымы деп біледі.
Атқарушы билік және сайлаушылармен бірге етене қызмет атқарып келе жатқан мәслихаттарға биыл 20 жыл толып отыр.
Осы екі онжылдықта Тараз қаласында халық игілігі үшін қыруар тірлік атқарылды, жарқын жобалар жүзеге асты.
1994 жылы қала бюджеті 219,5 млн. теңге болып бекітілсе, өсе келе, биыл 2014 жылға 24 млрд. теңге көлемінде болып қалыптасты. Мыңдаған әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылуда. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұл істе қалалық мәслихаттың да өзіндік қолтаңбасы жатыр. Міне, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың бағдары белгіленген тарихи мерзімге, Тәуелсіз Қазақстан мәслихаттарының 20 жылдығы тұспатұс келуде.
Тарих еншісіне енген осы мерзім ішінде Тараз қалалық мәслихатымен: «Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасын талқылау туралы», «Тараз қаласының күнін» белгілеу», «Тараз қаласының ел таңбасын бекіту», «ҚР еңбек сіңірген артистері Салықов пен Жұмағұловқа және «Милиция генерал-майоры Дүйсебаевқа ескерткіш тақта орнату туралы», «Жамбыл қаласы – Жамбыл облысы орталығын Тараз қаласы атына өзгерту туралы», «Қала мектептеріне атау беру», «Елбасының «Кіші бизнесті дамытуды мемелекеттік қолдау» туралы Жарлығының орындалуы туралы», «Тараз қаласының орталық алаңында Бәйдібек баба ескерткішін орнату туралы», «Жамбыл қаласында аудандарды тарату туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Тараз қаласының Тұңғыш Құрметті азаматы атағын беру туралы», «12 мөлтек ауданына «Астана» атын беру туралы», «Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың есімін қала көшесіне беру туралы» және т.б. қала өміріне қатысты маңызды шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасымен «Тараз қаласының Құрметті азаматтары» атағына ие болған азаматтар және Тараз қаласының тарихы туралы мәліметтер енгізілген «Құрмет кітабы» дайындалды және «Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ереженің жобасы дайындалып, Жамбыл облыстық мәслихатымен бекітілді.
Қалалық мәслихаттың еншісіне алтын әріптермен жазылған 1994 жылдың 25 наурызында, Тараз қаласы Мәслихат депутаттар жиналысының бірінші сессиясы өтіп, 25 депутат сайланды. Екінші шақырылым 1999 -2003ж; Үшінші шақырылым 2003- 2007ж.; Төртінші шақырылым 2007-2012 ж. Ал, 25 депутаттан тұратын бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихаты өз жұмысын 2012 жылдың 19 қантарында ұйымдастырылған бірінші сессиясында бастады.
Көп ұлтты қалалық мәслихат депутаттарының 13-і алғаш рет, 7-і екінші рет, 5-і үшінші рет сайланып отыр.
Депутаттардың арасында ұстаздар, дәрігерлер, химик-инженерлер, журналист және коммуналдық-шаруашылық, көлік, бизнес саласының өкілдері бар. Олардың жалпы орта жасы – 47 жас, ең үлкені - 68 жаста, ал ең жасы -35 жаста. Мәслихат депутаттарының 13-і алғаш рет, 7-і екінші рет, 5-і үшінші рет сайланып отыр.
Депутаттық корпусқа 6 әйел азаматы сайланған. Мәслихат құрамы әр түрлі ұлт өкілдерінен тұрады. Барлығы «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

«Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекесін қала көлемінде атап өту мақсатында Тараз қалалық мәслихаты 10.02.2014ж. күні іс-шаралар жоспарын бекітіп, аталған жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарды :

1. 27.02.2014 ж. күні Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Ж.Нарбаевтың №37 орта мектепте «Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл» толуына байланысты мәслихат есебін берді, 20-жылдыққа арналған іс-шаралармен таныстырды.


 2. 29.03.2014 ж., 03.10.2014ж. күндері Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарбаев Жамбыл облыстық телеарнасына 20-жылдыққа арналған сұхбат берді.
3. 07.06.2014 ж. күні Облысымыздың мақтанышына айналған, жаңа «Тараз-Арена» спорт сарайында Тараз қалалық Спартакиадасы ұйымдастырылды. Спартакиаданың негізгі міндеттері бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына тарту. Спартакиада 5 спорт - кіші футбол, волейбол, қол күрес, жүзу және тоғызқұмалақ түрлерін қамтыды.

4. «Қазақстан мәслихаттар бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігімен, Алматы қаласында 2014 жылдың 17 қыркүйегінде «Мәслихаттың қоғамды әлеуметтік-экономикалық дамыту мен демократияландырудағы, ішкі саясаттың тұрақтылығын нығайтудағы ролі мен маңызы» тақырыбында өткізілген конференцияға Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарбаев пен Тараз қалалық мәслихат аппаратының басшысы А.Асқарбеков қатысып қайтты.

5. Мәслихаттардың 20-жылдығына депутаттардың өз қаражатына орталық саяжай аумағына қарағай ағаштары отырғызылды. Болашақта қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен бұл жерді үлгілі демалыс орнына айналдырып, «Депутаттар аллеясы» деп атау ойда бар.

 

6. 10.10.2014ж. күні Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихатының ұйымдастырумен «Қазақстанның 20-жылдығына» арналған салтанатты жиналыс өткізіліп, мәслихаттың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары арнайы «Қазақстанның 20-жылдығы» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Алғыс хатымен, ҚР Мәжілісінің Алғыс хатымен, Жамбыл облысы мәслихатының грамотасымен марапатталды, оған қоса әр сайлау округтары бойынша қаланың қоғамдық өміріне белсене ат салысып жүрген бірқатар азаматтар мен қызметкерлер қала әкімінің Алғыс хаттары мен қалалық мәслихатының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

7. Аталған салтанатты жиын сағат 16:00-де қалалық Мәдениет үйінде жалғасты. Тараз қалалық мәслихаттың хатшысы Балабек Нарбаев арнайы баяндама жасады. Ол өз сөзінде қалалық мәслихаттың бірінші шақырылымынан бергі қазіргі 5-ші шақырылым депутаттарының жүріп өткен жолдарына шолу жасай отырып, халық қалаулыларының жұмысына оң баға беретіндігін жеткізді. Мұндағы салтанатты жиынның соңы да мерекеге орай қуаныш иелерін марапаттау рәсіміне ұласты. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төс белгімен 4 депутатты, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төс белгісімен 1 депутатты, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің «Үздік автокөлікші» төс белгісімен 1 депутатты, «Құрметті энергетик» төс белгісімен 1 депутатты, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қалалық мәслихат аппаратының басшысын марапаттады. Тараз қалалық мәслихат хатшысы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің Құрмет грамотасымен 2 депутатты, Ұлттық Экономика Министрлігінің Құрмет грамотасымен 1 депутатты, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының алғыс хатымен 2 депутатты марапаттады. Марапатталғандардың ішінде қала әкімі Нұржан Календеров болды. Жиын қала өперпаздарының концерттік бағдарламасынан соң өзінің шарықтау шегіне жетті.

Жиынға келген қонақтарға Тараз қалалық мәслихаты атынан «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекесіне орай естелікке дайындалған 20-жылдық мерекенің логотипі бейнеленген пакеттерге салынған блокнот, қаламсап, арнайы папка және мерекелік сувенир таратылды.

Мерекені атап өту қарсаңында, көшелерге 20-жылдыққа арналған билбордтар ілінді.

 

 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"