Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Баяндама

 Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Ж.Нарбаевтың №37 орта мектепте халық алдында берген есебі. 27.02.2014 жыл                                                                                                                                              Тараз қаласы.


Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты мәслихат есебі

Елбасымыз елі¬міздің болашақтағы жолын нақтылайтын, а鬬қындайтын Жолдауын¬¬¬¬ жасады. Еліміздің тәуелсіздік тарихында, үне¬мі халықтың намысын қай¬рап, жігерін жанып, өрке¬ниет¬ке ұмтылған ұзақ мерзімді мақ¬саттар мен міндеттерді әрдайым жолдап келеді. Нәтижесінде дамудың қа¬зақ¬стандық үлгісін қалыптастыра оты¬рып, беделі биік, абыройы жоға¬ры, қуатты мемлекетке айналды.
Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жолдары мен тактикасын нақты белгіленген тың идеяларын жария етіп отыр.
Басты мақсат – Қазақ¬станның ең дамыған 30 мемле¬кет¬тің қатарына қосылуы.
Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы – Мәңгілік Ел. Ол елдің тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған «Нұр Отан» партиясының Доктринасымен тікелей сабақтасып жатыр.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, жаңа сипат алып келе жатқан жергілікті өкілетті органдардың да қосып отырған үлесінің зор екендігі баршаға аян.
1993 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы қабылданып, 1994 жылы елімізде тұңғыш рет мәслихаттар институты енгізілді.
Елдегі алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге енді.
2006 жылы қалалық мәслихат депутаттары жиналысының атауы қалалық мәслихат болып өзгертілді.
Заңнамаға сәйкес, жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлесе отырып, жергілікті мемлекеттік басқаруды белгіленген құзіреті шегінде жүзеге асырады және мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:
• аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
• әкім ұсынған әкімшілік — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
• атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
• ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
• ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
• халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
• ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру және т.б.
Атқарушы билікпен бірге, сайлаушылармен етене қызмет атқарып келе жатқан мәслихаттарға биыл 20 жыл толып отыр.
20 жылда Тараз қаласында халық игілігі үшін қыруар тірлік атқарылды, жарқын жобалар жүзеге асты. Өздеріңіз көріп отырғандай 1994 жылы қала бюджеті 219 млн. 490 мың теңге болып бекітілсе, өсе келе, биыл 2014 жылға 23 млрд.798 млн.408 мың теңге болып қалыптасты. Мыңдаған әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылуда. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұл істе мәслихаттардың да өзіндік қолтаңбасы жатыр.
Міне, Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың бағдарын белгілеп берген айтулы мерзімге Тәуелсіз Қазақстан мәслихаттарының 20 жылдығы тұспатұс келуде. Әлбетте, мерейтой – өткенге есеп беру, жинаған іс-тәжірибені бағамдап, ой байыптау, қорытындылар жасау ғана емес, сондай-ақ, алдағы мерзімге жоспарлар белгілеу, бағыт-бағдарларды айқындап алу үшін де жақсы мүмкіндік.
Тарих еншісіне енген 20 жыл ішінде Тараз қалалық мәслихатымен: «Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасын талқылау туралы», «Тараз қаласының күнін» белгілеу», «Тараз қаласының ел таңбасын бекіту», «ҚР еңбек сіңірген артистері Салықов М. Және Жұмағұлов М. Ескерткіш тақта орнату туралы», «Милиция генерал-майоры Тәттібай Дүйсебаевқа ескерткіш тақта орнату туралы», «Жамбыл қаласы – Жамбыл облысы орталығын Тараз қаласы атына өзгерту туралы», «Қала мектептеріне атау беру», «Елбасының «Кіші бизнесті дамытуды мемелекеттік қолдау» туралы Жарлығының орындалуы туралы», «2002 жылдың 25 қыркүйек күні Тараз қаласының орталық алаңында Бәйдібек баба ескерткішін ашу», «Жамбыл қаласында аудандарды тарату туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Тараз қаласының Тұңғыш Құрметті азаматы атағын беру туралы», «12 мөлтек ауданына «Астана» атын беру туралы», «Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың атынан көше ашу туралы» қала өміріне қатысты маңызды шешімдер қабылданды.
Осы 20 жылда өздерінің ерен еңбегімен көзге түсіп, қала тұрғындарының сеніміне ие болған, түйінді түйткілдердің тарқатылуына білек сыбана кірісетін депутаттар буыны қалыптасты. Олардың арасында, С.Ә.Ақшалов, М.А.Күшікбаев, М.С.Паншаев, Ө.Т.Байшығашев, Б.Ж.Нарбаев, А.Садыкова, Ә.Садықбеков, С.Қ.Мәдиева Н.Д.Нестерова А.Ж.Өнетаева, К.Ж.Карбузова, Г.А.Нурумова, Ф.Н.Жакыпова, Д.П.Кожамжарова, Ж.Т.Жексембиев, Ж.Ә.Бөлекбаев, Қ.Бекболатов,А.Б.Ниязбекова, Т.Ә.Исаев, К.К.Абдуллаев,Б.П.Сергеев, Р.А.Кан, Қ.Ш.Болысбаев, Э.И.Мырза-Гали сынды депутаттардың есімін айрықша атауға болады.
Қалалық мәслихаттың еншісіне алтын әріптермен жазылған 1994 жылдың 25 наурызында, Тараз қаласы Мәслихат депутаттар жиналысының бірінші сессиясы өтіп, 25 депутат сайланды. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – депутаттыққа өз кандидаттарын түрлі партиялар, қоғамдық құрылымдармен бірге жеке адамдардың өзін-өзі ұсынуы болды.
Қала мәслихаты депутаттары жиналысының хатшылығына Н.Д.Нестерова сайланды.
Бірінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттар жиналысы 32 сессия өткізіп, онда жалпы саны 123 мәселе қаралды.
Екінші шақырылым. 8.11.1999 ж-16.09.2003ж.
Республикалық «Отан» партиясы – 13, «Алаш» - 1, партиялығы жоқ - 11.
Екінші шақырылғанТараз қалалық мәслихат хатшысы болып №14 сайлау округінен депутат Нестерова Н.Д. сайланды.
Екінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттар жиналысы 28 сессия өткізіп, онда жалпы саны 123 мәселе қаралды.
Үшінші шақырылым. 18.10.2003ж.-08.08.2007ж.
2003 жылдың 20 қыркүйегінде өткізілген сайлау қорытындылары бойынша 10 депутат сайланды.
Сайлау қорытындылары бойынша 15 қалалық аумақта ең көп дауыс алған екі депутаттардың арасында 2003 жылдың 12 қазанында қайта дауыс беру болды. Қайта дауыс беру қорытындылары бойынша 15 депутат сайланды.
Тараз қалалық мәслихат хатшысы болып №15 сайлау округінен депутат Өмен Тасболатұлы Байшығашев сайланды.
Төртінші шақырылым.
Саяси партияларға тиістілігі: 24-і «Нұр Отан» ХДП-нан, 1-і партиялығы жоқ.
14 депутат алғаш рет, 9 депутат қатарынан екінші рет, 2 депутат қатарынан 3 рет сайланып отырған, сайлаушылардың сеніміне ие болған азаматтар.
Мәслихаттың хатшысы болып №15 сайлау округінен депутат Өмен Тасболатұлы Байшығашев сайланды.
Бесінші шақырылым.
25 депутаттан тұратын бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихаты өз жұмысын 2012 жылдың 19 қантарында ұйымдастырылған бірінші сессиясында бастады. Депутаттардың арасында түрлі мамандық иелері: ұстаздар, дәрігерлер, инженерлер, журналист және коммуналдық-шаруашылық пен бизнес саласының өкілдері бар. Олардың жалпы орта жасы – 46 жас, ең үлкені - 64 жаста, ал ең жасы -32 жаста. Мәслихат депутаттарының 13-і алғаш рет, 7-і екінші рет, 5-і үшінші рет сайланып отыр.
Депутаттық корпусқа 6 әйел азаматы сайланған. Мәслихат құрамы әр түрлі ұлт өкілдерінен тұрады. Барлығы «Нұр Отан» партиясының мүшелері.
Сондай-ақ, Тараз қалалық мәслихатында «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы құрылып, төрағасы болып қалалық мәслихаттың №5 сайлау округінен депутат Қаржаубай Бекболатов сайланды.
Бірінші ұйымдастырылған сессияда депутаттар маған сенім білдіріп, қалалық мәслихат хатшысы етіп сайлады.
Міне бүгін ҚР Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығының талабын орындау мақсатында, Сіздердің алдарыңызда, мәслихаттың атынан есеп берудемін.
Мен өзім, Қаламыздың өсіп өркендеуіне етене араласа жүріп, депутаттыққа әлеуметтік саладан кеше ғана келгендіктен, Тараз қаласының әлеуметтік ахуалы мен инфрақұрылымының дамуына тоқтала кетейін.
«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданғалы бері үш жылда, 83 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда, қала тұрғындары көпқабатты үйлердің подъезді, шатыры және жертөлесі өздерінің жеке меншігі екенін түсінулері қажет. Мемлекет тарапынан тұрғындарға үйлерін жөндеуден өткізуге үлкен мүмкіндік беріліп отыр, соны дұрыс пайдалану керек.
Биылғы жылы Бағдарлама аясында 560 млн. теңгеге 22 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Өткен жылы «Бәйтерек» мөлтек ауданында екі 5 қабатты 70 пәтерлі жас отбасыларға арналған және екі 5 қабатты 75 пәтерлі кезекте тұрған жанұяларға арналған тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылды.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы республикалық бюджеттен 700 млн. теңге қаржы бөлініп, биылғы жылға өтпелі «Бәйтерек» мөлтек ауданының №17, 9 жер телімдерінде екі 5 қабатты 65 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстары жүргізілуде.
Даму бюджеті бойынша Республикалық бюджеттен 2011-2014 жылдарға арналған ҚР Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында, кредиттер есебінен ипотекалық тұрғын үй салуға 251,1 млн. теңге, трансферттер арқылы жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға 900,0 млн.теңге, «Құмшағал» тұрғын алқабына инженерлік инфрақұрылым желілерін тартуға – 644,4 млн.теңге жоспарланды.
Қоғамдық көлік қатынасын реттеу саласы – қала тұрғындарының өзекті мәселесінің бірі.
Бүгінгі таңда 14 жолаушылар тасымалдаушы мекеменің 817 автобусы 46 бағыт бойынша қызмет көрсетуде. Ескі бір есікті автобустар орнына жаңа стандарттарға сай қоғамдық көліктер алынуда, яғни, 2012 жылы - 200, 2013 жылы - 135 дана жаңа автобустар бағытқа қойылды.
Үстіміздегі жылы бюджеттен Айша бибі көшесін жаңғыртуға - 200 млн.354 мың теңге, Барысхан алқабына қиыршық тас жол салуға 100 млн.теңге, темір жол көпірін жаңғыртудың жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге 60 млн.теңге қарастырылды.
Сондай-ақ, Жамбыл даңғылына 504 млн.теңге, Сыпатай батыр көшесіне 243,8 млн.теңге, Құмшағал тұрғын алқабына 107,4 млн.теңге, Тектұрмас көшесіне 54 млн.теңге және басқада көшелерді жөндеуге қаржы қарастырылды.
Қалалық мәслихат депутаттарының ықпалымен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде өткен жылы 480 млн. теңгеге көп қабатты тұрғын үйлердің 110 аулалары көркейтілді. Жалпы 3 жыл ішінде, қаладағы 647 ауланың 382-қалпына келтірілді.
Қаланың санитарлық тазалығы - бүгінгі күннің негізгі мәселесі.
Көктем және күз кезінде қалада үш айлық тазалық маусымдары жарияланып, ол туралы қалалық мәслихат депутаттарының үндеуі жарияланған болатын. Осы іс-шараға қаладағы мектептер көп ат салысуда, сол үшін Сіздерге рахмет айтамын.
Құрметті халайық, естеріңізде болса 2012 жылы 29 мамырда, дәл осы залда мен сіздермен кездесу өткізіп, округ бойынша проблемалық мәселелерді талқыға салған болатынбыз.
Енді, сол кездесуде сіздердің қойған сұрақтарыңыз бен өтініштеріңіздің орындалуы туралы айтып өтейін.
№26 мектебінің ата-аналар атынан Оксикбаева Айгүл: №26 мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жасау, спорт алаңы, жолды асфальттау туралы өтініш берген.
Бүгінгі таңда,№26 мектептің күрделі жөндеуіне 91 млн. теңге шамасында жобалық сметтік құжаттары дайындалып, сараптамадан өтті. Демеке биыл мердігер анықталып, жұмыстар жүргізіледі.
Тараз қаласы, Абай көшесі 4 бұрылысы,26 үйдің тұрғыны Омелченко Татьяна Дмитриевна :
1) Рахмати көшесін жарықтандыру және асфальттау
2) №40 балабақшаға баратын жолды жарықтандыру және асфальттау туралы сұрақ қойған.
Жоғарыда айтылған көше және балабақшаға баратын жол 2013 жыл асфальттанып, жарықтандырылды.
Әбілқайыров көшесі, 3 үйден Жумадилов А.: Әбілқайыров көшесіндегі үйлердегі жарық мәселесін көтерген.
Бүгінгі таңда, аталған көшеде транформатор жөнделіп, жарық бірқалыпты берілуде.
Крупская көшесі, 12 үй, 40 пәтерден Сидякина Ирина Борисовна:
1) Крупская көшесін жарықтандыру;
2) балалар алаңшасын салу туралы өтінген.
2012 жылы Крупская көшесіне толық жарықтандыру жүргізілді.
2013 жылы Крупская көшесі №32,№50 үйлердің алдында балалар алаңшалар орнатылды.
Датұлы, 65 үйден Сәрсенбаев Серік: қоқыс шығару мәселесін қойды.
Құрметті сайлаушылар, өздеріңіз естіп отырғандай Сіздердің берген сауалдарыңыз толық орындалды.
Тек, қоқыс шығару мәселесі әлі де жолға қоюды қажет етіп отыр.
Сондықтан, бүгінгі кездесуге қоқыс шығарумен айналысатын мекеменің басшыларын шақыртып отырмын, өз сөз кезегінде түсініктеме береді деген ойдамын.
Құрметті халайық! Осыдан екі апта уақыт бұрынғы, халық жылы қабылдай қоймаған жаңалық бірі теңгенің құнсыздануы. Егер мамандардың сөзіне құлақ түрер болсақ, бүгінгі таңдағы Теңгенің құнсыздануы Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Біздің елмен іргелес орналасқан мемлекеттердің барлығы ұлттық валюталарын құнсыздандырып жатқанда Қазақстанның да осындай қадам жасауы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Девальвация отандық өнеркәсіпке еліміз рыногындағы шетелдік компанияларды ығыстыруға мүмкіндік береді. Ол Қазақстанға сырттан әкелінетін тауарлардың бағасын көтереді, сөйтіп жергілікті тауарлардың олармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Өздеріңіз естігендей, тауарлары шикізаттық бағдардағы Мексика, Бразилия және басқа да дамушы елдер валюталарын әлдеқашан девальвациялады. Бұл қадам өз кезегінде осы елдердегі өндірушілердің тауарларын барынша тартымды етіп отыр. Бізде өз өнімдерін экспорттайтын «Казфосфат» , «Тараз металлургия зауыты», «Қосалқы бөлшек» ЖШС және былғары мен сүт өндіретін бірнеше кәсіпорындар бар. Міне олардың өз өнімдерін экспорттауда, доллардың құнының өсіуі, оң нәтижесін береді.
Десек те, халық арасында азық-түлік , сондай-ақ, жанар май бағасы көтеріле ме деген күдік пайда болғаны рас.
Алайда, Ел Үкіметі азық-түлік бағасын тұрақтандыруда тиімді жұмыстарды қолға алып, жүргізуде. Бұл мақсатты жұмыстар Тараз қаласында да жүргізілуде. Бүгінгі таңда бағаны тұрақтандырып, бақылап отыру үшін арнайы комиссия құрылған. Қалада коммуналдық нүктелер мен базарлар жұмыс жасауда, ондағы бағалар тұрақтандырылған. Оның үстіне, Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау облыстық тұрақтандыру қоры бюджет есебінен азық-түлік сатып алып, қоймаларда сақтауда. Қажет болған жағдайда нарыққа керекті тауарларды сатуға шығарып, бағаны тұрақтандырады.
Жанар май құны да бақылауда, Елімізде Жанар май қорының бір жарым айлық қоры сақталған.
Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ!
Сөз соңында, сайлаушылар мен депутаттарды Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толу мерекесімен құттықтаймын. Қазігі таңда осы айтулы мерекені республика, облыс, қала деңгейінде атап өту жөніндегі іс-шаралар жасалуда.
Алғашқы қалыптасқан жылдарына қарағанда соңғы заңнамалық өзгерістерге сай рөлі біршама күшейтілген мәслихаттарды, ел игілігі үшін атқарылар мәнді де мазмұнды жұмыстар күтуде.
Бұл міндеттерді абыроймен атқару әрбір азаматтың қасиетті парызы. Билік тармақтарының алдында тұрған ең басты мақсат, ол мемлекетімізді одан әрі нығайту, Қазақстанды «Мәңгілік ел» ету. Ендеше, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болып, Тәуелсіз еліміздің абыройы асқақтай берсін! Той тойға ұлассын!

 

 

 

 

 

 

 

 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"