Негізгі бетке  Байланысу  рус / каз
г. Тараз
Мазмұны
 
 
Банерлер


 

Акимат Жамбылской области

Блог-платформа Жамбылской области

Город Тараз

 



Шешім жобасы

Жоба

Бесінші шақырылған Тараз қалалық Мәслихатының
(кезекті ........................ сессия)
ШЕШІМІ


Тараз қаласы                                                                 №..........                                               ............2013 жыл


«Тараз қаласы бойынша табысы аз
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету Қағидаларын бекіту
туралы» Тараз қалалық мәслихатының
2012 жылғы 27 маусымдағы №5-6
шешіміне өзгерістер енгізу туралы

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
     1. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы №5-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-150 болып тіркелген, 2012 жылдың 8 тамызында №32 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "табысы аз отбасыларына" деген сөздер тиісінше "аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының коммуналдық шаруашылық, көркейту, тұрғындарға қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Тараз қалалық Мәслихаты                                                                           Тараз қалалық
сессиясының төрағасы                                                                                   Мәслихатының хатшысы

 

 
      Негізгі бетке Жаңалықтар Сайт картасы Кері байланыс Замечания и предложения   
© 2012 Маслихат г.Тараз. All rights reserved
Разработано: Агентство "5-й Элемент"