
Біз Сізбен Тараз қалалық мәслихатының ресми сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз!
Сайт Сізге мәслихат қызметі туралы жан-жақты еркін ақпарат алуды қамтамасыз етеді.
Бұл жерден Сіз жергілікті өкілді органдардың өкілеттігі және құзіреттері жайлы біле аласыз, қалалық мәслихаттың сапалы құрамымен, оның депутаттарының өмірбаяндық анықтамалығымен, тұрақты комиссияларының дербес құрамдарымен, қалалық мәслихаттың жоспарларымен және жұмыс Регламентімен, қолданыстағы құқықтық актілермен және қалалық мәслихатпен қабылданған басқа да шешімдермен таныса аласыз.
Құрметпен,
Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Кулекеев